ШҚО-да бір топ көлік жүргізушісі үсіп қала жаздады

Зайсан ауданында бір топ көлік жүргізушісі үсіп қала жаздады.

Жолға шыққан 16  жүк көлігі қалың қардан жүре алмай тұрып қалған. Сөйтіп, құтқарушыларды шақыртуға мәжбүр болды. ТЖД мамандары оларды қауіпсіз жерге жеткізді. Қолын үсік шала бастаған бір азаматқа көмек көрсетіліп, ол медициналық пунктке, ал қалған жүргізушілер сол маңдағы Қаратал ауылына жеткізілді. 

Айта кетейік, өңірде қазір боран, қатты аяз. Тіпті бүгін кештен бастап жолаушылар автобусы мен дизельмен жүретін көліктердің жолға шығуына шектеу қойылады. Ал 28 қараша күні өлкенің солтүстік шығыс аймағында сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Соған орай мектептерде сабақ шегерілуі ықтимал деген хабарлама да таратылып жатыр.