Еліміздің 12 облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».    

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын болады. Сондай-ақ, жел күшейіп, тұман мен көктайғақ күтілуде. Синоптиктердің болжауынша, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында қатты жел тұрады. Ал түнде Қызылорда өңірінің оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы асуларында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады.