Қазақтың көрнекті әншісі Жамал Омарованы еске алу кеші өтті

Биыл қазақтың көрнекті әншісі, халық әртісі Жамал Омарованың туғанына - 110 жыл. Атаулы датаға орай белгілі өнер қайраткерінің кіндік қаны тамған өлкеде еске алу кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жамал Омарова Өзбекстан Республикасы Жаңажол ауданында дүниеге келген. Қазақтың халық әндері арқылы танылып, бүкілодақтық конкурстарда жеңіске жеткен. Алматының радио, театр және филарманония ұжымдарында еңбек етті. Мемлекеттік нышанымызға айналған «Менің Қазақстаным» әнінің алғашқы орындаушысы болды. Жамал Омарованы туған жерінде қадір тұтады. Жаңажолдықтар 110 жылдық қарсаңында Алматыдан әншінің ұрпақтарын арнайы шақырып, рухани-танымдық кештің өтуіне ұйытқы болды. Екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Кеште Жамал Омарованың әндері шырқалып, естелік әңгімелер айтылды.

Дәмір Қалдыбаев, Ташкент облыстық қазақ мәдени орталығының төрағасы:

- Біз танымал адамдарымызды халыққа дәріптеп, тәрбиелік мәні бар кештер өткізсек өзімізге рухани азық алып, марқайып қайтатын жөніміз бар. Жақында ғана Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын, енді апайымыздың 110 жылдығын өткізіп жатырмыз. Біз жастарға тәрбиелік мәні бар осындай шараларды өткізу жастардың борышы. Тіліміз бен мәдениетімізді сақтау қалуда – қазақ мәдени орталықтың міндеті.