Ақтөбе облысы экономикасына 933 млрд теңге инвестиция құйылады

Жыл соңына дейін қосымша мыңға жуық жұмыс орыны ашылуы тиіс. Қазір өңірде 30 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Дені тау-кен байыту және мұнай өндіру саласында. Бұдан бөлек агроөнеркәсіп пен жасыл энергетиканы дамытуға бағытталған бастамалар бар. Мәселен, «Ақтөбе» индустриалдық аумағында мұнай өңдеуге арналған химиялық реа-гент шығаратын зауыт салынып жатыр. Ол келер жылы іске қосылады. Жоспарға сәйкес алдағы 5 жыл ішінде өңірге 4 жарым трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Кәсіпкерлер облыс нарығында сұранысқа ие ірі-қара терісін өңдеу зауыты мен шетелдік арнаулы техниканы жөндеу орталығы мен құрылыс материалдарын шығаруды көздеп отыр.

Нұртуған Оралбаев, Облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Инвесторлар Италия мен Біріккен Араб Әмірлігі, Қытай мен Түркия және Ресейлік компаниялар. Қазір елімізге бизнес нысандарының көші белсенді жүріп жатыр. Соның ішінде үш ірі компанияны атап өте аламын. Ресейден бөлек Литва елінің өкілдері де бар. Олар мұнай және химия мен машина құрастыру саласын қамтиды.