Екібастұзда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Екібастұз қаласында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Осы уақытқа дейін негізгі апаттық учаске анықталды. Ол 52-жылу пунктінде орналасқан. Жедел штабтың мәліметінше, құбыр ауыстырылған соң нысандар жылу желісіне қосыла бастайды. Бұл жұмыстарға 143 адам мен 30 техника жұмылдырылды. Апат бойынша тергеу басталды. Тексеру он күн ішінде аяқталып, нақты шешім қабылданады. Қазіргі уақытта жедел штаб, эвакуациялық пункттер мен шұғыл қоңырау желісі жұмыс істеп тұр.