Тараздың жылу тарату жүйесі 80% тозған

Тараздың жылу тарататын мекемесі толықтай жаңғыртуды қажет етіп тұр.

Себебі ондағы қазандықтар мен қондырғылардың 80 пайызы ескірген. «Тараз Энерго Орталығы» 1963 жылы қолданысқа берілген. Мекемеде жылдағы жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, ауқымды қайта жаңғырту қажет. Жауаптылар бірінші кезекте энергетикалық қондырғыларды жөндеп ауыстыру керек дейді. Қазіргі таңда мекеме штатты режимде жұмыс істеуде. Орталықта 7 жылу және бу қазандықтары бар. Бүгінде олардың үшеуі жұмыс істеп тұр. Қалғандары резервте. Кәсіпорын облыс орталығындағы мыңға жуық көпқабатты тұрғын үйге жылу мен жылы су таратады. Олардың қатарында 113 бюджеттік мекеме мен 149 ғимарат бар. 

Мамат Шакіров, жылу тарату орталығының вице-президенті:

- 60 жылдан бері тоқсаусыз жұмыс істеп келе жатыр. Мүмкіндігімізге қарай жылдағы жөндеу жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Бүгінгі таңда облыс әкімдігімен бірігіп, қайта жаңғырту жұмыстарына инвесторларды тарту жұмысын жүргізіп жатырмыз.

Сондай-ақ...