Қазақстанда 22 жылу орталығы жеке меншікке тиесілі

Елімізде 37 жылу электр орталығы бар.

Оның 10-ы мемлекеттің меншігінде. Ал 22-сі жекеменшік. Астана, Шахтинск, Орал, Арқалық, Тараз, Семей, Қостанай, Кентау, Қызылорда қалаларында орналасқан жылу орталықтары мемлекеттікі. Сондай-ақ бесеуі квазимемлекеттік. Оның үшеуі Алматыда, екеуі Ақтауда.  Жалпы жылу электр орталығының 76 проценті жарты ғасырдан бері жұмыс істеп тұр. Негізгі құрал жабдықтарының 66 проценті тозған. Осы орайда Президент Үкімет басшысына қалалардағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырды.