loader


Атырауда жылы аялдамалардың жыры бітпей қойды

Атыраудағы жылы аялдамалардың жыры әлі бітер емес.

Жазда салқын, қыста жылы болады деген аялдамалардың бәрі бірдей көңіл көншітпейді. Бірінде жылу жүйесі қосылғанымен, кейбірі тіпті жабық тұрады, дейді тұрғындар. Бұған қоса тазалық мәселесі де өткір тұр.

Қазір мұнайлы шаһарда 22 жылы аялдама бар. Оның алтауы сенімгерлік басқаруға беріліпті. Қалғаны қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің теңгерімінде. Жыр болған жылы аялдамалардың жайы тұрғындарды биыл да әбігерге салатын секілді. Өйткені кейбірінде тіпті жылу жүйесі қосылмаған. Тұрғындар тазалығын да сынға алды.

БЛИЦ:

- Жалпы енді барлығы бірдей емес. Кейбіреуі жылы, кейбіреуі салқын. Әр түрлі. Кейбіреуінің ішінде мас адамдар жатады, қаңғыбас адамдар жатады. Кей кезде кіру қорқасың. Кей кезде іші сасып жатады.

- Аялдамада ешқандай жылу жүйесі жасамайды. Сап-салқын. Просто жасап қойған ғой. Желден қорғану үшін тұрамыз енді.

- Авангард мөлтек ауданындағы жерде жұмыс жасайтынын білемін. Бірақ ішінің тазалығы нашар. 

Бұл аялдамалар таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі 09:00-да жабылады. Бұлардың жұмысын қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі өз бақылауында ұстайды екен. Олардың айтуынша барлық аялдама жылу жүйесімен қамтылыпты. 

Мұхтар Сағындықов, қалалық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Бөлім теңгеріміндегі жылы аялдамалардың түгелдейц жылумен қамту установкалары жұмыс істеп тұр. Түнгі уақытта бұзылған фактілер анықталған болса, бізге уатсап желісі арқылы фотолар, бейнематериал жіберілетін болады. Біздің тарапымыздан сол материал бойынша жұмыстанамыз. 

Жауаптылар тазалығын да қадағалап отырғанын айтады. Бірақ тұрғындардың пікірі олай емес. Олар қыруар қаржыға салынған жылы аялдамалар халық игілігі үшін жұмыс істесе дейді.

Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Сондай-ақ...