Екібастұзға көмекке 23 бригада барды

Екібастұздағы жылу жүйесін қалыпқа келтіру мақсатында өзге қалалардан 23 бригада көмекке келді.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Үкімет отырысында баяндады. Бүгін таңға қарай 25 көппәтерлі және 90 жекеменшік үйдің жылу жүйесінен ақау шықты. Желі ішінде ыстық су болғанымен бұл үйлер жылу қабылдай алмай отыр. Сондықтан жедел штаб басқа қалалардан бригадалар тартуға мәжбүр болды. Жылусыз отырған үйлерге 1200-ге тарта жылытқыш құрал жеткізілмек. Премьер-министр облыс әкіміне жағдайды бақылауында ұстауды тапсырды. Энергетика және Индустрия министрліктері "Екібастұзжылуэнерго" мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізеді. Сонымен қатар, Әлихан Смайылов қос ведомство әкімдіктермен бірлесіп, жер-жердегі жылу нысандарына толықтай техникалық аудит жүргізуді жүктеді.