Ерекше балалардың ата-аналар одағы қайырымдылық жобасын бастады

Еліміздегі ерекше балалардың ата-аналар одағы «Ұлы Дала - мың игі іс» қайырымдылық жобасын бастады.

Оның бір бағыты – жаңа жыл қарсаңында балалардың арманын орындау. Ұйымдастырушылар ел аймақтарындағы серіктес ұйымдарға шырша орнатып, оған ерекше қажеттілігі бар баланың аты-жөні, мекен-жайы мен диагнозы, арманы жазылған ашықхат іледі. Сол арқылы жақсылық жасаймын деген қайырымды жандар ғажайыпқа сенетін бала жүректі қуанта алады. Айта кетейік, Қазақстан бойынша 742 мың ерекше санаттағы адам бар. Оның 175 мыңы балалар. Қазақстандағы ерекше балалардың ата-аналар одағы әртүрлі диагноз бойынша мүгедектігі бар жандарға, олардың отбасыларына көмектесіп келеді. Одақтың мұрындық болуымен, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға Қазақстан халқы қорынан биыл 316 білім гранты бөлінді.

Рауана Сағадиева, ерекше балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар одағының жетекшісі:

- Қазіргі таңда Алматының өзінде 633 өтініш түсті. Олардың ішінде ең топ деп айтатын болсақ, біріншісі подгузник, дәрі-дәрмек, қысқы киім, АФК-ға киетін спорттық киім, куртка аяқ-киім, белгілі бір ойыншықтар. Мысалы, мүгедектігі бар жатқан балаға аяз ата мен снегурочка келіп құттықтаса дейді. Бірақ көбінесе сол күнделікті қажетті заттар.