Жезқазған жылу электр орталығында қазандық істен шықты

Жезқазған жылу электр орталығында 1 қазандық істен шықты. 

 Орталық дереу резервтегі қазандықты іске қосқанымен,  одан да ақау табылды. Осылайша қаланы жылумен қамтып отырған кәсіпорын небары 3 қазандықпен қалды.  Бөлінетін жылу деңгейі де нормадан 10 градусқа төмендеген. Жауаптылар жөндеу жұмыстарына кемінде 2 күн қажет дейді. 

Ерлан Құсайынов, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:

- 27 қараша күні №5 қазандық апатты жағдайда жұмысын тоқтатты. Оның орнына іске қосылған №6 қазандық өткен түнгі сағат 2 де істен шықты. Осылайша қазіргі таңда 3 қазандық қана жұмыс істен тұр. Қазандықтардағы апатты жөндеу жұмыстары жалғасуда. №5 қазандықты бүгін кешке дейін, ал №6 қазандықты ертең кешке дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.