Ақтөбе облысында бала жоғалуы жөнінен биыл 117 арыз түскен

Жыл басынан бері Ақтөбе облыстық полиция департаментіне кәмелет жасына толмаған балалардың жоғалғаны туралы жүзден астам өтініш келіп түскен.

Олардың басым бөлігі отбасы мүшелерімен туындаған жанжал салдарынан үйден кетіп қалған екен. Жасөспірімдер біраз уақыт таныстарында болып, ата –анасымен әдейі байланысқа шықпай қойған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, дерек тіркелгеннен кейін балаларды іздестіруге ондаған полиция қызметкері мен волонтерлар жұмылдырылады. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде  барлығы уақытында табылды.

Нұржан Мұқымов, облыстық ювеналды полиция тобының аға инспекторы:

- Көп жағдайда балалар тіл табыса алмай ата-аналарына ренжіп үйінен кетіп қалған деректері жиі орын алуда. Сонымен қатар екінші мәселе ол балаларды қадағалаусыздықтан. Яғни өз балаларын қадағаламиай олардың түнгі уақытта болсын, күндізгі уақытта қайда, кіммен жүргенін бақыламай осындай деректер орын алуда. Сол себептен айтарым ата-аналарына барлық балаларына уақытылы қарап, қай жақта жүргенін, кіммен жүргенін тексеріп қадағаласа деп айтқым келіп отыр.