Таразда көктайғақ салдарынан жарақат алған адамдар саны күрт өсті

Таразда көктайғақ салдарынан құлап, жарақат алған адамдар саны күрт өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық аурухананың жарақат бөлімшесіне түске дейін 105 адам көрінген. Оның алтауы аурухана төсегіне таңылды. Тағы кезек күткен 40-қа жуық науқас бар. Кеше түнде басталған қар аралас жаңбырдан соң, қала көшелері көк мұзға айналған. Осыған байланысты коммуналдық кәсіпорындардың 16 арнайы техникасы мен 185 жұмысшы көшелерді тазалауға кірісті. «Мұзға тайып құлап, жараланғандар арасында егде жастағылар көп», – дейді дәрігерлер. Сондықтан қолайсыз ауа райында қажеттілік болмаса үйде отыру керектігін ескертеді.

Нұржан Әбдірайымов, травматолог:

- Ауыр науқастар да бар. Аяқ, жамбас сүйектері, қолдары сынған. 6 адамдай жарақат бөліміне госпитализацияда жатыр. Әріптестерімізге өте көп салмақ болып түсіп жатыр. 2-3 дәрігер болып істеп жатырмыз.

Сондай-ақ...