СҚО-да борышкер ата-аналар көлік жүргізе алмайды

Солтүстік Қазақстан облысында қасақана алимент төлемей жүрген 69 адам уақытша көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар қарызын толық өтеп болғанша куәлігін ала алмайды. Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, қазір облыс бойынша баласына берешек 7 мыңға жуық борышкер бар. Оның 385-і әйел. «Қара тізімге» енген ата-аналардың дені өз міндеттерін орындауға құлық танытпайтын көрінеді. 48 адамға іздеу жарияланған. Сондықтан қадағалаушы орган өкілдері оларға қатысты шектеу шараларын күшейтіп отыр.   

Әбу-Әли Саттар,  Облыс прокурорының бірінші орынбасары:

- 2021 жылдың қорытындысы бойынша мынау СҚО бойынша алиментін төлемеген азаматтардың қарызы 1 млрд теңгеден аса болған. Мынау енді біз осы күрделі сұрақты мемлекеттік уәкіл органдарымен талқылап, алимент төлемей жүрген азаматтарға жеке қатаң шара қолданатын болып шештік. Осы шаралардың арқасында біз мынау алименттің қарызын 189 млн теңгеге түсірдік. 80% түсірдік.