Алматыда 2 жаңа мектеп ашылды

Алматыда 2 жаңа мектеп ашылды. Білім ошақтары орын тапшылығы көп Наурызбай және Алатау аудандарында орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Мектептердің әрқайсысы бір ауысымда 1500 баланы қабылдай алады. Жаңа стандарттармен салынған. Оқу кабинеттері интерактивті панельмен, SMART тақтамен және заманауи үлгідегі жиһаздармен жабдықталған. Спорт залдардың төбесі мен қабырғасы дыбыс өткізбейтін панельмен қапталған. Ал балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Face ID жүйесі орнатылған. Алматыда 303 мың оқушы бар. Ал орын тапшылығы 30 мыңға жуық. Мәселені қарқынды құрылыс арқылы шешу жоспарланып отыр. Мысалы жыл басынан бері алты мемлекеттік мектеп ашылса, тағы үшеуі осы айдың соңында пайдалануға беріледі. Мемлекеттік жобалардың аясында алдағы уақытта да көптеген мектептер салынады.

Ләззат Жылқыбаева, Қалалық білім басқармасының басшысы:

- Бұл жаңадан бекітілген Жайлы мектеп ұлттық жобасы. Ол 2023 жылдан бастап Алматы қаласында қарқынды түрде жүргізілетін болады. Қазіргі таңда 22 мектеп құрылысы жоспарланып отыр. Шамамен 24-25 жылдарға дейін 37 мыңнан астам оқушы орны құрылатын болады. Және де қосымша мың мектеп салу республикалық жобасы да іске асырылып келе жатыр. Бұның аясында 25 жылға дейін Алматы қаласында 36 білім беру объектілері қолданысқа берілетін болады.