ЕАДБ болжамы: 2023 жылы Қазақстанда инфляция баяулайды

Еуразиялық даму банкінің болжауынша, 2023 жылы Қазақстанда инфляция біртіндеп баяулайды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Биыл ол 19% болса, келесі жылдың соңында 8% төңірегінде болмақ. Алайда сарапшылардың пікірінше, бағалар жағынан түсетін қысымға байланысты алғашқы жарты жылда есептік мөлшерлемені қазіргі 16% қалпында ұстап тұру қажет. Инфляция төмендеуі тұрақты үрдіске айналса, екінші жартыжылда мөлшерлемені түсіруге болады. Сондай-ақ, 2023 жылы тенге долларға шаққан бағамы орта есеппен 486 теңге болады деп болжап отыр. Мұнай бағасының арзандап, әлем экономикасы төмендеп, тиісінше экспорттан түсетін табыс азайса, бұл теңге бағамына қысым түсіруі мүмкін. Биыл Қазақстан.ның Жалпы ішкі өнімі 2,8% өсетін түрі бар. Қазіргі жағдайда мұны тәуір көрсеткіш деп санауға болады.

Алексей Кузнецов, Еуразиялық даму банкі елдер сараптау орталығының басшысы:

- 2023 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,2% болады деп болжап отырмыз. Салық-бюджет саясаты экономикаға қолдау көрсетеді. Өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету салаларында өндіріс көлемінің артуын күтеміз. Теңіз кенішінде жаңа жобалардың іске қосылуы экономикалық динамиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы мүмкін.

Сондай-ақ...