Жезқазған ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Жезқазған ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Аталған жұмыстар кінарат табылған қос қазандықта бірдей өтуде.

Естеріңізге салайық, бүгін таңертең Жезқазған жұртын жылумен қамтып отырған кәсіпорынның 2 бірдей қазандығы істен шығып, орталық небары 3 қазандықпен қалған еді. Әзірге 90 мыңнан астам адам мекендейтін шаһардың барлық ауданына жылу беріліп тұр. Дегенмен, оның көлемі бекітілген нормадан 10 градусқа дейін төмендеген. Әкімдік тарапынан тұрғын үйлерге және денсаулық сақтау мен әлеуметтік нысандарға онсыз да аз жылудың іркіліссіз берілуі бақылауға алынған. Ал жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарына бірнеше бригада жұмылдырылды. 

Ұлантай Үсенов, Облыс әкімінің орынбасары:

- Қалада көріп отырсыздар жылу бар. Бүкіл қаладағы үш жылу желісі тұрақты жұмыс істеп тұр. Жөндеу жұмыстарына келер болсақ, станция бізде тұрақты жұмыс істеп тұр. Екінші дәрежелі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр қазандықтарда. Қазір 5 пен 6-шы қазандықтың қайсысы дайын болса, сағат 7-де жұмыстарды аяқтап біреуін жұмысқа қосамыз да біреуін резервке қоямыз.

Сондай-ақ...