Екібастұзда көмекке мұқтаж жандарға еріктілер көмектесіп жатыр

Екібастұзда көмекке мұқтаж жандарға еріктілер көмектесіп жатыр. Олар үй-үйді аралап жалғыз басты тұрғындар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандарды анықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастырып қолқабыс етеді. Қазір шаһарда 120 шақты ерікті жиналған. Оның ішінде 30-ы Астанадан барған.

Нұржан Жетпісбаев, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

- Екібастұз қаласында еріктілер жұмысын жалғастыруда. Ең бірінші әлеуметтік топтағы азаматтарға жылытқыш құралдарын ұсынып, беріп оны қосып сондай жұмыстар жасап жатырмыз. Осыған қоса мынау жөндеу жасап жатқан бригадаларға барып жылы тамақ пен ыстық шәйді тараттық.

Сондай-ақ...