Екібастұздағы үйлерге жылу беріледі

Бүгін Екібастұздағы барлық көп қабатты үйге жылу беріледі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Ол Екібастұз қаласының ахуалы жөнінде оқиға орнынан бейнеконференция өткізіп, мән-жайды баяндады. Ал облыс әкімі Екібастұзды жылумен жабдықтау жүйесінің жай-күйіне техникалық аудит жүргізілетінін жеткізді.