Бұрын келтірген шығындарды өтесін – Депутат ЖЭО-ны қайтару туралы

Елдегі жылу энергетикалық орталықтардың иелері нысанды мемлекет меншігіне қайтару кезінде бұған дейін келтірілген шығындарды өтеуі тиіс.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров осылай деді. Ал «Екібастұзжылуэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Александр Клебанов жылу энергетикалық орталықты мемлекетке 1 теңгеге сатуға әзір екенін мәлімдеген. Депутат кәсіпорынды иелікке алған кездегі жағдайы мен қазіргі ахуалды салыстырып, айырмашылығын кәсіпорын иесінен талап етуді жөн санайды. Сондай-ақ Александр Клебанов Екібастұз тұрғындарының шығындарын өтеуі қажет деп есептейді.

Ерлан Саиров ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстанның азаматы болғандықтан Клебанов, егер осы нысандарды мемлекетке қайтаратын болса, ол халыққа және мемлекетке қандай зиян болды, сол зиянның барлығын өтеуі керек. Екібастұздың халқына моральный ущерб төлеуі керек.