Салық саясатының тиімділігі артады

Премьер-министрі Әлихан Смайылов инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді.

Жиында салықтық әкімшілендіруді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар қаралды. Оған Қазақстанда аккредиттелген АҚШ, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ, Канада елшілері мен Америкалық Сауда палатасының атқарушы директоры және ірі бизнес пен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырыс аясында Салық саясатының тиімділігін арттыру, жаңа Салық кодексін даярлау, сондай-ақ Отандық және шетелдік кәсіпкерлер арасындағы бизнес байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Жиын соңында Әлихан Смайылов барлық ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдарға тапсырып, пысықтайтынын жеткізді.

Сондай-ақ...