Әулиекөлде әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр

Қостанай облысының Аманқарағай ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория ашылды.

Іргесіндегі Новожеин елді мекеніне орталықтандырылған ауыз су желісі жеткізілді.

Ал Әулиекөлде өрттен зардап шеккендер қоныстанған «Бірлік» шағын ауданында балабақша құрылысы басталды.

Әуликөлде тоқсан үй бас аяғы екі айдың ішінде тапсырылып, бүгінде тұрғындар қоныстанып үлгерген. Енді әлеуметтік нысандардың құрылысы басталмақ. Алдымен шағын ауданда  280 орындық балабақша салынады.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы:

- Екі ай бұрын осы аумақта толассыз жаңбыр, одан қар жауды. 91 үйдің 12-сінің ауласына ғана су кірді. Баспаналарды су басқан жоқ.  Іргетасын құяарда оның бәрі ескерілді. Балабақшада солай салынады. Тасқыннан қауіп жоқ, айналып өтеді.  Ендігі сіздердің міндеттеріңіз құрылысты сапалы жүргізу. 

Әуликөлге таяу елді мекендердің бірі Новонежинге орталықтандырылған ауыз су желісі тартылды. Мұндағы 600 абоненттің тең жартысына су құбыры ішке кіргізілген. Өңір басшысы өзі үйлерге кіріп, оған көз жеткізді. 

Аймұхамбет Оспанов, Новонежин ауылының тұрғыны:

- Біздің ауылда осы күнге дейін кілең ащы су скажина қазсақ та жазда қиын болған. Енді міне су келіп қуанып жатырмыз. 

Ал мынау Аманқарағай ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория. Заманауи жабдықтармен жарақталған медициналық мекеме бір ауысымда 50 адамды қабылдайды. Сондай-ақ Аманқарағайда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл нысан алдағы жылдың сәуір айында тапсырылуы тиіс. Мемлекет басшысы жақында «ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады дейді облыс әкімі. 

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы:

- 26 қарашада Президент қол қойды жарлыққа арнайы. Концепция дайындалғаннан кейін ауылдардың дамуына қаржы бұрынғыдан көп көлемде бөлінеді. Бес жылдай осы концепция жүзеге асады.

Жоғары айтылған нысандардан тыс Әуликөлде  осы жыл аяғына таман инсульт орталығының құрылысы басталады.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг