Алматы облысында 30 автокөлік заңсыз рәсімделген

Бұл жағдай халыққа қызмет көрсететін екі орталыққа жүргізілген тексеріс кезінде анықталды.

19 көлік Қонаев қаласындағы мамандандырылған орталықта жалған құжатпен тіркеліп, мемлекеттік нөмір берілген. Және 11 темір тұлпар Еңбекшіқазақ ауданында жалған төлем түбіртектерімен тіркеліпті. Бюджетке 100 млн теңге түспей қалған. 

Жарқын Өтегенов, "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Алматы облыстық филиалының жетекші сарапшысы:

- Қазіргі уақытта іс Алматы облыстық полиция департаменті жолданды. Ішкі тексеру де жүріп жатыр. Қабылданған процесуалдық шешімге сәйкес заңды бұзған қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылады.

Сондай-ақ...