Үкімет басшысы Екібастұзға барды

Екібастұзға Премьер-Министр Әлихан Смайылов барды. Үкімет басшысы алдымен жылу электр станциясын көрді. Одан кейін жөндеу жүргізіліп жатқан басқа да нысандарды аралады.

Жалпы Екібастұзда 14 жерден ақау шыққан. Бүгін тағы бір ақау орны анықталды. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

Қазіргі уақытта желіден су кету тоқтатылды. Жылусыз қалған 17 үйге кезең кезеңмен жылу беріле бастайды. Бүгін түнде нысандар бірте бірте қосылады. Ал ертең температуралық режим ретке келтіруі тиіс. Әлихан Смайылов коммуналдық апаттың себептерін айтты. Үкімет басшысының айтуынша,  жылу электр станциясы иелері мен тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.  Стратегиялық нысанның тұрақты жұмысын қамту - бұл басты мақсат. Ол үшін алдағы үш жылда тиісті инвестициялар салынады.  Әлихан Смайылов апат болған негізгі орындары жөндеу жұмыстарымен танысты.  Премьер-Министрі не деді, тыңдап көрейік

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Бірінші күннен бастап Үкіметтің аса назарында. Сол күннен бері арнайы оперативтік штаб құрылып, оны облыс басшысы басқарып, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Енді бұл жұмыстар бүгін, ертең  бітеді деп сенеміз. Негізгі апаттың себебі бұл жүйелердің тозығы жеткендігі және ТЭЦ-ті басқару жұмыстарының сәтсіздігі және тиісті инвестициялардың салынбаған.