Талдықорғанда құжаты дұрыс рәсімделмеген пәтерлерді заңдастыру басталды

Талдықорғандағы Жастарға қызмет көрсету орталығында құжаты дұрыс рәсімделмеген пәтерлерді заңдастыру басталды.

Шара он күнге созылады. Тұрғындар 29 қарашадан 9 желтоқсанға дейін талап етілген құжаттарды толық жинастырып, тұрғын үй инспекциясының қарауына өткізіп үлгеруге тиіс. Өйткені Жетісу облысының орталығындағы мыңнан астам тұрғын үкіметтен алған пәтерінде құжатсыз тұрып жатыр. Кейбірінің қолында тұрғын үйді жалға алу келісім-шарты да жоқ. Сол себепті олар не тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге тұра алмай, не үйлерін жекеменшікке ала алмай, әкімдік пен соттың табалдырығын тоздырып жүр.

Мәди Алжанбай, қала тұрғыны:

- 2016 жылдың 1 желтоқсанында Баталовтың өз қолынан алғанбыз, кәдімгідей ашылу салтанаты өтіп. Справка ғана берілді. Сол справкамен тұрып жатырмыз. Содан бері не бірде бір құжат көргеміз жоқ. Жалғыз мен ғана емес, 40 пәтерлі үй ғой, барлығында сондай. Құжаттарыңды заңдастырып береді дегенді естігеннен кейін келіп, анықтап, мән-жайын білейік деп келіп отырмыз. Енді оның қаншалықты көмегі болатынын біле жатармыз. 

Айдос Жақыпбек, қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы: 

- Қазір енді сол заңбұзушылықтарды заңдастырып, біз көмектесіп жатырмыз. Бүгінгі іс-шара соған арналған. Пәтер алып, заңдастыра алмай жүрген адамдарды біз мына Талдықорған қаласындағы жастар ресурстық орталығында арнайы осындай ЦОН-ның мамандарын, өзіміздің мамандар бар тұрғын үй инспекциясының және жаңағы керекті интернет-сайттар бар, осында келіп, құжаттарын рәсімдеуіне болады.