loader


Атыраудағы ерекше балаларды дамыту орталығында жаңа жоба жүзеге асады

Қайырымдылық қордан 27,5 млн теңге бөлініп отыр.

Бұл қаражат психикалық және сөйлеу қабілеті бұзылған, аутизм, церебральды сал ауруы және Даун синдромы бар балаларды оңалтуға қажетті құрал-жабдықтар алуға және жаңа ғимараттың құрылысына жұмсалады. Орталық мамандары 2-13 жас аралығындағы балаларды оқытып, қоғамға бейімдейді. Бөбектердің іс-қимыл, сөйлеу маторикасын дамытады. Сондай-ақ 13-18 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар жасөспірімдерді кәсіпке баулиды. Бүгінгі таңда орталықта 102 бала кешенді ем қабылдап жатыр.

Серік Қадыров, қалалық маслихат депутаты:

 - Бұл бастама республикамыз бойынша барлық өңірлерде өтеді деп тұрмыз. Айтулары бойынша келесі Маңғыстау облысы бар, және т.б. облыстарда негізгі басымдық осы балаларды дамытуға олардың денсаулығын оңалтуға арналған жобалар. Мұндай турлар өткізіліп тұру керек. Басқа да республикамыздағы жобаларға ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы турлар қажет деп есептеймін.

Сондай-ақ...