Жылу беру нысандары тексеріледі

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Президент жұмысты 10 күн ішінде нақты қорытындармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.