ҚР ІІМ ауа райына байланысты көлік қозғалысына ерекше назар аударуды ескертеді

Ішкі істер министрлігі қалың қар мен көктайғаққа байланысты жолдағы көлік қозғалысына ерекше назар аударуды ескертеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, көлік дөңгелегіне қатысты талап бүгін ғана пайда болған жоқ.

Қыстыгүні жазғы дөңгелекпен жүру басыңызға төнген қауіп қана емес, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарт талаптарын бұзу болып саналады. Мәселен, құжатқа сәйкес, жазғы дөңгелек резеңкесінің биіктігі кемінде бір жарым, ал қысқысы 4 миллиметр болуы шарт. Сонымен қатар, дөңгелекте үш шыңды тау мен қар ұшқыны бейнеленуі тиіс. Бұл тұрғыда елордалық жүргізушілердің басым бөлігі көлігін барлық талапқа сай жабдықтаған. Олардың айтуынша,  бұл ең алдымен жеке бас қауіпсіздігі. Алайда, қалатаға салмақ түсетінін де жасырмады.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға-инспекторы:

- Көлік құралы – техника. Кез-келген жағдайда, қар, жаңбыр жауғанда жол мен көлік құралы дөңгелегі астындағы ілінісу байланысы төмен болады. Яғни 60 км жылдамдықпен келе жатқан көлік тежегішті басқан жағдайда, жолдың жағындысы ылғал болса, бірден кілт тоқтай алмайды. Жолда жүрген кезде абай болу керек.

Елімізде жыл басынан бері 12 мыңға жуық жол көлік оқиғасы болып, 2 мыңға жуық адам қаза тапқан. Оның 95%-дан астамы жүргізушілердің салғырттығы мен көліктерінің мезгілге сай жабдықталмағандығынан.