Атырауда жұқпалы дертті анықтайтын зертхана іске қосылды

Атырауда жұқпалы иммун тапшылығы синдромы ауруын бастапқы кезеңінде анықтайтын әмебабап зертхана іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Нәтиежесінед тексеру жұмыстары жанданып, бір жылда 61 адамның уақытылы емделуіне жағдай жасалып отыр. Бұған дейін жұқпалы дертке шалдыққандар Астана, Алматы қалаларына барып ем-дом іздейтін. "Жаңа зертхана бауыр гепатитінің түрлері, басқа да қанға қатысты ауруларды дер кезінде анықатуға мүмкіндік береді", – дейді мамандар.

Жаңа зертхананың іске қосылғанына 1 жылдан асса да, нәтижесі жаман емес. Мұндағы 4 тестілеу бөлімшесінде қан арқылы таралатын ЖИТС, гепатит секілді түрлі аурулар анықталады.

Гүлзада Омарова, зертхана меңгерушісі:

- Бұл аппарат Оңтүстік Кореядан әкелінген. Автоматтандырылған «Бионер» құрал жабдығы деп аталады. Оның тиімділігі адам ағзасындағы вирус мөлшерін анықтап, емдеу тиімділігін жақасартуға көмегін береді. Орындау уақытын 4 сағаттың ішінде анықтап бере аламыз.

Биыл Атырау облысы бойынша 96 мыңдай адамды ЖИТС-ке қарсы тексеруден өтті. Өңірдегі эпидахуалға келетін болсақ, жұқпалы дертке шалдыққан 61 жағдай анықталыпты. Оның бесеуі шетел азаматтары екен. Жалпы биыл тексеруден өткен азаматтардың арасында жұқпалы дерт жұқтырғандар саны 1,8% өсіп отыр.

Қуаныш Нұрмұханов, ЖИТС облыстық орталығының басшысы:

- Оның негізгі себебі бүкіл тұрғындарды тестілеуді былтырғы 10 аймен салыстырғанда 10% көп жүргізіп отырмыз. Клиникалық көресткіш бойынша анықтаймыз, тестілейміз олар былтырғы жылдың 10 айымен салыстырғанда 36% өсіп отыр.

Қандай дерт болмасын, оның алдын ала білсе, уақытылы емделсе, айығатыны анық. Сондықтан ауырып ем іздегеннен, ауырмаудың жолын іздегендер бүгінге ЖИТС орталығына келіп тұрақты тексеруден өтіп тұрады.