Екібастұзда еріктілер штабы осы күнге дейін жұмыс істеп жатыр. Live

Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланғалы бері еріктілер штабы құрылып, осы күнге дейін жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еріктілер жөндеу жүргізуге атсалысып жүрген жұмыскерлерді қамқорлыққа алды. Қақаған аязда жүрген жұмыскерлерге ыстық шай, ыстық тамақ апарып жүр. Ал жастар жылусыз қалған тұрғындарының өтініштерін қабылдап, жылыту құралдарын тасымалдап жүр. Жылытқыштар бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі азаматтар, әлеуметтік нысандарға жеткізілді. Осы күнге дейін қоғам белсенділері 2 мыңға жуық жылытқыш құралын таратқан.  Өтініштер әлі де түсіп жатыр.

Сапура Қабыржанқызы, Екібастұз қаласының тұрғыны:

- Балаларға рақмет. Денсаулықтары мықты болсын.

Еріктілердің жұмысы осы штабта шоғырланған. Жылытқыш құралдар мен өзге де қажетті заттар саған сайын әкелініп, тұрғындарға жеткізіледі. Соңғы 4 күн ішінде мыңнан астам пәтерге жылытқыштар таратылды.