Елдегі байланыс операторларына мыңға жуық тексеру жүргізілді

Биыл елдегі байланыс операторларына 1000-ға жуық тексеру жүргізілді. Қыркүйекке дейін олқылыққа жол бергендерге 180 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыркүйектен кейін оның көлемі еселенген. Нәтижесінде, соңғы 300-ге жуық тексеру барысында заң бұзғаны анықталған кәсіпкерлер 300 млн теңге айыппұл арқалаған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, бұрын екінші рет бұзушылыққа 150 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалса, қазір оның көлемі 1500 АЕК-ке жетті.  Министр байланыс операторларына талап күшейгенін айтады.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Оларға уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде олар, яғни операторлар сол мәселелерді жоймаса, интернеттің сапасын жоғарылатпаса, біз келесі рет келіп, оларға 10 есе үлкен штраф жазасын береміз.