БҚО-да қабандардың ауыл ішіне кіріп кетуі жиілеген

Жуырда ғана Жәнібек ауылында жүрген жабайы жануар жұрттың зәресін алды. Әзірге ешкім зардап шекпеген.

Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Аңшылар ауылға кірген қабандарды қауіпсіз жерге шығарып, кейін атып алуға мәжбүр болды. Дерек бойынша аймақтағы аңшылық шаруашылықтарында 2 мыңға тарта қабан бар. Мамандар олардың бұлай қаптау себебін өңірде киік санының көбеюімен байланыстырады.   

Райымбек Шампаев, БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- 2021 жылы 167 бас қабан аулап алынды. Ескерте кететін жағдай, қабан, елік жалпы тұяқты жануарларды аулау арнайы рұқсат қағазы негізінде міндетті түрде қорықшының қатысуымен жүзеге асырылады. Аулау мерзімі қабанға 3 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін. Биылғы жылға БҚО 574 бас қабанға, 199 бас елікке лимит бөлінді.

Сондай-ақ...