loader

Өскеменде пәтеріміз салқындап кетті деген жұрт көбейді

Өскеменде пәтеріміз салқындап кетті деген жұрт көбейді

Ал «Жылу электр орталығы» мен «Өскемен Жылу жүйелері» кәсіпорындары бәрі дұрыс, жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр деп міз бақпайды.

Сонда көпқабатты үйлерде жылу деңгейі неге төмендеп кетті? Екібастұздағы жағдай қайталанбасына кім кепіл?- деп алаңдаулы жұрт.

Бұл Қабанбай батыр көшесіндегі 89-үй. Аяз күшейгелі бері  тұрғындардың пәтері суып, мазасы қашқан. Гүлдариға Нұрқасымованың осы үйде тұрып жатқанына 10 жыл. Сол аралықта бірде-бір рет пәтері суып көрмепті. Енді  жатса да, тұрса да үстінен қабат-қабат киімді тастамайтын болған. Елдегі жылу станцияларының жағдайын көріп отырған кейуананы бұл келеңсіздік қатты алаңдатады.

Гүлдариға Нұрқасымова, қала тұрғыны:

- Естіп отырмыз, Екібастұзда сондай болды деп Павлодар міне,Риддерде де де сондай болды,біз де қорқамыз  екі ортада  жылып тұрып, тұрып, бір күні жарылып кетсе не істейміз сонда, қайтеміз қорықпағанда  мынау өзі үлкен кісіміз, балалар бар,  бүйтіп отыруға болмайды ғой әкем ау енді.

Зейнеткер Людмила Королева жалғыз тұрады. Жүріп тұруы қиын. Қазір тек электр жылыту пештерін  қолданып қана бойын жылытып отыр. Бөлмесіндегі температура 17 градусқа әрең жетеді.

Бар гәп тоғыз қабатты үйге келіп тұрған жылу температурасының төмендігінде екен. Пәтер иелері кооперативінің  төрайымы Раиса Мотипоненко  тиісті парамтерлерді жақсы біледі. Сондықтан бұл көрсеткіш

Раиса Мотипоненко, пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

- Келген температура мөлшері 110 градус болуы керек еді алайда міне көріп тұрғаныңыздай, тек 85 градус қана.Енді бұл бірінші қабатқа жеткенше тағы да төмендейді.Сонымен міне 53градус қана болып қалады. Тұрғындардың пәтерінде тоңатындай жөні бар.

«Өскемен Жылу электр орталығы» бір жауаптан танбай отыр. Олардың сөздерінше, желідегі су мөлшері ұлғайып кеткен. Бастапқыда температура 100 градустан 80 градусқа түсіп қалған. №15 қазандықтан ақау шығып, ол  екі сағат ішінде жөнделген. Қазір қосымша  14ші қазандық та іске қосылыпты. Сөйтіп 8 қазандық өз жұмысын үздіксіз атқаруда дейді. Дегенмен күннен күнге өсіп келе жатқан шаһар үшін бұл аздық етеді.

Тоқтар Ақтайлақов, «Өскемен ЖЭО» ЖШС жөндеу бойынша директоры:

- Қазандықтар қуатының бүкіл қалаға жетпей жатқаны ешкімге жасырын емес. Сондықтан жаңа 16шы қазандық салу туралы жоспар болды. Алайда ол геосаяси жағдайға орай іске аспай қалды. Өйткені барлық жабдықтар Ресейден әкелінеді. Ал ол жақтағы кәсіпорындар өнім құнынан ұтылмау үшін рубль бағамының өзгерісін күтті. Сол себепті өндірістерін тоқтатып тастады.

 

Қазір қалаға сағатына 300 гигакалория жылу жетпейді. Яғни шамамен алғанда бұл 50 көпқабатты үйді жылытатын энергия деген сөз.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

 

 

 

 

Сондай-ақ...