Ақмола облысында жол күтімі жоспар бойынша жүзеге асырылуда

Республикалық маңызы бар жолдар бақылауда. Қыс мезгілінде күре жолды күтіп ұстауға қажетті техникалар мен материалдар жеткілікті.

Мұны ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының өкілдері айтты. Бүгінде 400 өндірістік база мен 300 қойма дайын тұр. Сондай-ақ 2000 жуық арнайы техника да бар.

Нұрбек Темірханов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ АОФ директорының орынбасары:

- Қыс мезгілінде біз бірінші кезекте жолға баса назар аударамыз. Бүгінде арнайы техника сақадай сай дайын. біз техниканы топтастырамыз, бірінші санатқа жолдардың еніне байланысты кемінде 4 арнайы техника қоямыз.  Қазір мамандар күні-түні жұмыс істеп жатыр.

Зкт: Көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау жұмыстары да жалғасып жатыр. Яғни 120 мың текше метр құм, 23 мың тонна тұз, 1200 тонна химреагент қоспалары дайындалуда. Сондай-ақ, қалың қар басу қаупі жоғары учаскелер анықталды. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымды құрайды. Қазір бұл учаскелер бақылауда.

Қайрат Төлебай, Арнайы көліктің машинисі:

- Қарды күрейміз, көктайғақ болса құм шашып, жалпы халыққа жағдай жасап, солай жүреміз.

Өткен демалыс күндері  ел бойынша қар құрсауынан 300-ден аса жүргізуші құтқарылды. Олар үшін арнайы автожол бойында 125-тен астам жылыту пункттері ұйымдастырылған.

Айтпақшы, ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы Sapar мобильді қосымшасын іске қосты. Онда жолдардағы ахуал жайлы ақпарат беріледі.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Серік Қоңырбаев