Елорда іргесіндегі жаңа мектептің құрылысы 5 жылдан бері бітер емес

Елорда іргесінде орналасқан Ақмола облысына қарасты Жібек жолы ауылында білім ошағы жетіспейді. Жаңа мектептің құрылысы 5 жылдан бері бітер емес. Ауыл халқы бұл жайтқа не дейді, жауаптылар қандай уәж айтады.

Елорда маңындағы елді мекенде білім ошағы жетіспейді. 12 мың тұрғыны бар Жібек жолы ауылында екі мектеп бар. Оның бірі үш ауысымда жұмыс істейді. Амалы таусылған ауыл халқы балаларын қалаға тасып әлек.

Жібек жолы ауылында 2017 жылы басталған мектеп құрылысы әлі жүріп жатыр. Неге дейсіз ғой, уақыт өте құрылыс материалдары қымбаттап, жұмысты тұралатқан. Әу баста 584 млнға есептелген мектепі салу ақысы қазір 1млрд-тан асыпты.

Аслан Нәбиев, мердігер компания өкілі:

- Біз 2020 жылы тамыз айында бастадық жұмысты. 21 жылдың сәуір айынан тамызға дейін біз корректировкада болдық. Сондықтан біз жұмыс істей алмадық. 21 жылдың тамыз айынан бастап біз осы күнге дейін жұмыс істеп келе жатырмыз.

Құрылыс материалының қымбаттауы әрине өзекті мәселе. және қыста Астана мен Ақмола облысында жұмыс істеу қиын сондықтан қаңтар ақпан бізде мүлде жұмыс істеуге қиын.

Қанат Қанафин, Жібек жолы ауылының әкімі:

- Жаңа мектеп ашылса 300 орынға жүктеме азаяр еді. Алдағы жылдары да орын тапшылығы болуы мүмкін екенін ескеріп "жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір жаңа білім орадсы салынады деп жоспарланып отыр.

Құрылысы жылдарға созылған бұл жалғыз нысан емес. Мәжіліс депутаты Юлия Кучинскаяның айтуынша жұмысты қадағалайтын мекемелер селқостық танытып отыр.

Юлия Кучинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мәселе мемлекеттік сатып алудан басталады. Құрылысшар әу баста шама-шарқына қарамай ауыр жүкті өздеріне алып алады. Кейін құрылыс материалын жеткізе алмай қиналады. Сосын мемлекеттен түзету жұмыстарын сұрап жылдап уақыт өткізіп алатыны жасырын емес.

Алдағы уақытта құрылысы ұзаққа созылған мектептер мәселесі май шаммен қаралмақ. Оқу-ағарту министрлігі нысандарға жауапты бірыңғай операторды тартуға ниетті. Бұл бастама арқылы кез-елген тұрғын интерактивті карта арқылы мектеп құрылысының барысын бақылай алады.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Артур Горшняков