Астанадағы 583-көше өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің атымен аталады

Бұл – елорданың Есіл ауданына қарасты аумақ. Қалалық ономастикалық комиссия осындай шешім шығарды.

Сонымен қатар есіл ердің фотосуреті «Құтқарушылар» саябағындағы ақпарат тақтайшасына ілінеді. №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Забикулиннің аты беріліп алдына ескерткіш-бюст орнатылуы мүмкін. Мұндай ұсыныс комиссия отырысында айтылды. Бұл бастама Қоғамдық кеңестің қарауына жіберілді.