Еліміздің құтқару авиациясы алғаш рет теңізде жаттығу өткізді

Еліміздің құтқару авиациясы алғаш рет теңізде жаттығу өткізді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшу құрамы үнемі қайта оқытылып, сынақтан өтіп, біліктіліктерін арттырып отырады. Қаз-ави-ақұтқарудың ұшу құрамы өрт сөндіреді, тұрғындарды апат пен зілзала орындарынан эвакуациялайды. Сондай-ақ,  науқастарды шұғыл медициналық орталықтарға тасымалдап, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көмектеседі. Бұл жолы Каспий теңізінің акваториясында суда зардап шеккен адамдарды іздеу және құтқару бойынша жаттықты.  Онда жедел құтқару құрамы шұғыл жағдайда қалай әрекет ету қажеттігі пысықталды.