Хаменова сотқа апелляциялық шағым түсірді

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірді.

Мұны облыстық соттың баспасөз қызметі растап отыр. 15 қарашада сот Бақытгүл Хаменованы пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырған еді. Бірақ кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі үш жылға кейінге қалдырылды. Десе де облыс әкімінің экс-орынбасары бұл үкіммен келіспейді. Адвокатымен бірге апелляциялық шағым түсірген. Бірақ істі әлі сот алқасы қараған жоқ. Соттың баспасөз қызметі істі болған күдіктілердің әлі шағым түсіруге уақыты бар екенін айтты.