Екібастұзда полиция күшейтілген жұмыс кестесіне көшті

Екібастұз қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен.

Төтенше жағдай шаһардың крименогендік жағдайына әсер етті ме?

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Қала қауіпсіздігін қамту мақсатындағы шаралар бірінші кезекте суы жоқ, жылуы жоқ шағын аудандарды күшейтілді. Бүгінде 250 полиция қызметкері әр аула мен үйді аралап жүр. Оларға көмекке Павлодардан тағы 30 тәртіп сақшысы мен алты автопатруль келген. Полицейлер осы күнге дейін 3200 жекеменшік үй және 300 көпқабатты үйді аралады. Мамандао екі ауысым бойынша тәулік бойы жұмыс істейді. Айта кетейік, 30 пәтер бос қалған.