Елімізде өлім-жітім көрсеткіші төмендеді

Елімізде өлім-жітім көрсеткіші 28 процентке төмендеді.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет сағатында хабарлады. Ведомство басшысының айтуынша, биылғы жылдың 9 айында қан айналымы ауруларынан болатын өлім-жітім 32 пайызға, обырдан 9,  апаттардан 4, және тыныс алу жолдары сырқатынан қайтыс болғандардың саны 33 процентке кеміген. Бұдан бөлек, туберкулезден көз жұмған науқастар санының 17 пайызға азайғаны байқалады. Ана өлімінің көрсеткіші 3,5 есе төмендегенін айта кеткен жөн. Жалпы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары рейтингісінде Қазақстанның көрсеткіші біршама жақсарған. Мәселен 2020 жылы еліміз 193 мемлекеттің арасында 65-орынды иеленген еді. Биылғы жылдың басында 59-орынға шықты.