Семейдің жылу мәселесін шешу үшін тарифті қайта қарау керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған орталық пен жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру комиссиясының төрағасы Тимур Сүлейменов осылай деді.

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары шаһардағы №1 жылу орталығы мен екі қазандықтың жұмысымен танысты. Бүгінде қаладағы ұзындығы 322 шақырымды құрайтын жылу желілерінің 63 пайызы ескірген. Қазіргі тариф жылу желілерін жаңартуға мүмкіндік бермейді. Семейдің оң жағалауын жылумен қамтамасыз ету үшін 118 гигакалория керек. Осы орайда үш қазандықты жаңғырту мақсатында жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Жалпы, өңірдің жылу желілері мен қазандықтарын толық жаңарту үшін 149 миллиард теңге қажет. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

- Жағдай нашар емес. Бірақ тағы да инвестиция керек. Модернизация өте қажет. Себебі қала әрі қарай дамиды. Сондықтан орталықтан көмек береміз.