Атыраудың Қарабатан станциясы маңында белгісіз көлшік пайда болды

Атырау қаласына жақын орналасқан Қарабатан станциясының маңында аумағы 6 гектар болатын белгісіз көлшік пайда болды.

Мұнай дайындау зауытының маңында түсірілген бейнежазба қазір әлеуметтік желіде талқыға түсіп жатыр. Экология департаментінің мамандары су сынамасын алып, зертханаға жіберген. Қорытынды алдағы аптада дайын болады деп отыр. Әзірге бұл көлшіктің қалай пайда болғаны беймәлім. Мамандар тек сынама қорытындысынан кейін ғана белгілі болады дейді.