Тұрғын үй кешендері туралы ақпаратты біріктіретін бірыңғай жүйе әзірленіп жатыр

Цифрлық даму министрлігі Мүлік иелері бірлестігі туралы барлық ақпараттарды цифрландыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министр Бағдат Мусиннің айтуынша дәл осы бірыңғай мемлекеттік механизмнің жоқтығы жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отырған көрінеді. Қазір жаңа жүйеге көшу үшін базалық талаптарды нақтылау қажет. Бұл барлық жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік береді. Көбінесе бірлестіктер мен оның жетекшісін тіркеу кезінде кедергілер жиі туындап жатады. Осы мәселені де бір жақты ету көзделіп отыр. АЙТИ мамандар қазір тұрғын үй кешендері туралы ақпаратты біріктіретін бірыңғай платформа әзірлеп жатыр. 

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Мүлік иелері бірлестігін жәй ғана тіркей алмайсыз. Ол үшін тұрғындардың, яғни мүлік иелерінің дауысы керек. Ал осы меншік иелерінің кім екенін қайдан білесіз. Сондықтан бірыңғай жүйе болуы керек. Бұл жүйені қалыптастыру үшін заңды рәсімдеу шаралары жүргізілуі тиіс.