Екібастұзға Қырғыздар гуманитарлық көмек жинап жатыр

Екібастұзға тек Павлодар облысы ғана емес, елдің біраз аймағынан мамандар келіп көмектесіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Еріктілер де жан-жақтан жиылған. Тіпті Алатаудың ар жағында жатқан қырғыз халқы да Екібастұздықтар үшін гуманитарлық көмек жинай бастаған. Айыр қалпақты ағайын әлеуметтік желіде үндеу жариялап, аязда жылусыз қалған екібастұздықтарға қол ұшын созуға шақырып жатыр. Бірі таныстары арқылы жылытқыштар жөнелтетінін айтса, енді бірі арнайы есепшот ашып, қаржылай көмек жинай бастаған.