Қарағандыда әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды

Қарағандыда халықаралық мүгедектер күніне орай «Тең қоғам» деп аталатын әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».    

Мұнда кәсіби мамандар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қаржылық сауаттылық, құқықтық, психологиялық көмек көрсетеді. Қазір облыста 55 мыңнан астам мүгедек бар. Ал әлеуметтік бейімдеу орталығы тегін қызмет көрсетеді. 12 маман азаматтардың жұмысқа орналасуына, түрлі құжаттарды рәсімдеуіне және ақпараттық кеңес алуына көмектеседі. Қазір өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсететін 70 ұйым бар.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті, ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін әділетті Қазақстанды құру бастамасының басты идеясы – Equality, яғни теңдік деп білеміз.