loader


Шымкентте коммуналдық мекемелер жекешелендіруден алынды

Шымкентте үш бірдей ірі табиғи монополия нысаны жекешелендіру тізімінен алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».    

Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Шаһардағы «Қуат Жылу» орталығы мен «Шымкент сушар» мекемесі және кәріз суларын шығаратын коммуналдық кәсіпорын сатылуға тиіс нысандар тізіміне іліккен. Ал қадағалаушы орган өкілдері ерекше статусқа ие мекемелер жекенің қолына өтпеуге тиіс деп есептейді. Өйткені мұның соңы тарифтің көтеріліп, қызмет сапасының нашарлауына алып келуі мүмкін. Бұл тізімде балабақша мен әлеуметтік нысандар да бар. Ал жергілікті атқарушы билік өкілдері аталған үш кәсіпорынды сатпау туралы жауапты министрлікке 14 рет хат жолданғанын айтады.

Руслан Бақтыбаев, қалалық Қаржы басқармасының басшысы:

- Бұл үш кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру бойынша қала әкімдігінің сауда-саттыққа шығару бойынша мемлекеттік мүлік туралы заңына сәйкес қаулы қабылданбаған.

Ұлан Орманов, қала прокурорының аға көмекшісі:

- Сату аукционын жүргізуге дейін жетпеген. Тиісті бағалау процесі оның барлығы жүргізілмеген. Өйткені жекешелердіру жоспары 2021-2025 жылдарға арналған.

Сондай-ақ...