Өскемендегі мұз қатпай жатып, балық аулаушылар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».
Төтенше жағдай қызметі жұртқа қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертіп жүр. Себебі соңғы 2 жылда өңірде 8 адам суға кеткен. Ал Зайсан мен Күршім аудандарында мұзды өткелдер ашылған. Күн сайын бұл өткелдерден мыңнан астам автокөлік жүреді. Дегемен, жолға шықпас бұрын мамандар мұздың қалыңдығын тексереді.
Ерік Тұрсынғалиев, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:
- Бұл су қоймадағы мұздың қалыңдығы 5-6 см. Яғни, су қоймасы адам өміріне қауіпті болып табылады. Сондықтан қала тұрғындарына, демалушыларға осы аязды күндері балық аулауға шығу кезінде әрқашан да мұздың қалыңдығын біліп отірған жөн.