СҚО-да тұмау өрши бастады

СҚО-да тұмау өрши бастады. Өңірде 15 мыңға жуық адам инфекция жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сәйкес мерзіммен салыстырғанда 23% көп. Мұнымен қоса аймақта 14-ші қазаннан бастап «В» типті тұмау да тіркелді. Сырқаттардың көбі он төрт жасқа толмаған балалар. Індеттің жылдам таралуына ауа-райының құбылмалы болуы да себеп дейді мамандар.

Айнаш Сағандықова, СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы

- Осы вирус- ауа тамшы жолдары арқылы таралатын болғандықтан олар көбінесе бақшаға барған уақытта бір-біріне тез тарайды. Сонлықтан олар қолдарын жиі жуып, дәрумендерді пайдаланып, баланың имунитетін көтеру керек. Сондықтан балалардың имунитеті төмен болғандықтан осы ауру көтеріліп отыр.

Сондай-ақ...