Атырауда коммуналдық базар прокурордың актісі бойынша мемлекет меншігіне қайтарылды

Құны 1,3 млрд теңгелік сауда орнын жергілікті билік ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер мен тұтынушы арасында делдалсыз сауда байланысы үшін салған еді, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін жекеменшік мекемеге болашақта сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Прокурорлық тексеру барысында сенімгер-мекеме өзінің шарттық міндеттемесін орындамай, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтергені анықталды.  Жан-жақты сараптаудан соң «Сарайшық» коммуналдық базарын мемлекетке қайтару туралы сот шешімі шықты.

Қанат Қабдолов, облыс прокурорының көмекшісі

- Осыған байланысты Атырау облыстық соты мен Атырау облыстық әкімдігінің прокурордың ұсынысы негізінде талап-арызы бойынша сенімгерлік басқару шартын бұзу бойынша шешімі шығарылып отыр. Айта кету керек, бюджет қаражатына салынған базардың маңызы  жергілікті фермерлерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру болатын.