Ешкім телефонды көтермейді – Екібастұздықтар әкімдік туралы

Екібастұздағы коммуналдық апаттың салдарын жоюға 300 маман жұмылдырылған.

Қалпына келтіру жұмыстары қаланың бірнеше көшесінде жүріп жатыр. Екібастұздың жылу энерго орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр. Төрт қазандық резервте. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына 298 адам, 53 техника тартылған. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қалада 28 үйге жылу әлі берілген жоқ. Ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына қарамастан, үйлерін жеке қаражаттарына жөндетіп жатқан тұрғындар бар.

Ақмарал Кәрімова, Екібастұз қаласының тұрғыны:   

- Міне қатып жатыр. Порывтар болып жатыр. Бізде жарылып жатыр батареялар. Өз жағдайымызбен өз ақшамызға батерея бәрін қалған керек саймандарды сатып алып жатырмыз. Әкімдіктен ешкім келген жоқ.  Звондап жатырмыз. Ешкім телефонын алмайды.

Аян Бейсекин, Штаб Басшысы, Екібастұз қаласының әкімі:      

- Жалпы зардап шеккен көпқабатты үйлерде орналасқан пәтерлердің иелеріне спонсорлар тарапынан және САЕК пен ТЭЦ тарапынан барлық материалдар тегін жеткізілетін болады. Одан басқа атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы да ешқандай тұрғындарға ауыртпашылық түсірмеуі керек. Енді біздің пысық тұрғындарымыз бар. Қолынан келетіндері өздері сатып алып ауыстырып жатыр. Оларға жеке өткенде түсініктемелер берілді. Ертеңгі күні осы қалтасынан шыққан барлық қаражатты біз міндетті түрде өтейтін боламыз.